KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
492.17 522.39 5

ШҚО-да 4300-ге жуық көлік есепке қойылды

Фото: abai.kz

20.06.2023, 11:36 313 Ләззат Қанатқызы

10 күннен кейін, яғни 1 шілдеден бастап шетелдік автокөлік иелерінен өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Ал ХҚКО-ларда көлігін заңдастырып үлгермегендердің қарасы әлі де қалың.

ҚР ІІМ хабарлағандай, жария ету мерзімін ұзарту болмайды, бірақ арнайы ХҚКО-ға автомобильдерге өтінім берген шетелдік автомобильдердің иелері міндетті түрде есепке алынады. Құжаттарды рәсімдеуге үлгермегендер үшін көлік құралын 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір бүкіл елдегі мамандандырылған ХҚКО-ларда кезек қалың. Тіпті кей тұрғындар сол жерде түнеуге мәжбүр екенін айтып, видео жариялапты.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚ облыстық филиалында өңірде жағдай туралы айтты. Заңдастыру бұрынғыдай тәртіппен жүргізіліп жатқан көрінеді.

  Облыс бойынша заңдастыру басталған күннен бері 4 261 көлік құралы есепке қойылды, оның ішінде 907 авто-конструктор бар. Базада проблемалар туындаған кезде кезек пайда болуы мүмкін, бірақ түнде ХҚКО жанында ешкім кезекшілік етпейді. Автокөлік иелері талондарға сәйкес өтеді. Сондықтан халықты сабыр етуге шақырамыз, дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚ облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, уақытша есепке қою кезінде азаматтарға көлік құралын тіркеу туралы куәлік және ҚР мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі (мемлекеттік баждар төленеді). Тіркеу туралы куәлікте иеліктен шығару және Қазақстаннан тыс жерлерге шығу құқығынсыз уақытша есепке алу көрсетіледі. Шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлік белгілері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сақтауға тапсырылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу