KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы құрылады

Фото: akorda.kz

14.07.2023, 20:20 220

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және «Кейбір заңнамалық актілерге Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды. 

Заңға сай бұрынғы Семей сынақ полигонында ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл аумақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамту, сондай-ақ бұрынғы полигон жерлерін шаруашылық айналымға біртіндеп қайтару үшін оңалту мақсатында құрылады. Арнаулы аймақты кешенді экологиялық тексеру және экологиялық сараптама нәтижесі бойынша анықталған ластанған учаскелерде құру жоспарланған.

Сондай-ақ заңда бұрынғы Семей полигоны жерлерінде және нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес аумақтарда «Семей ядролық қауіпсіздік аймағын» құру, радиоактивті ластанудың таралуын шектеу, полигон аумағындағы радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және кәдеге жарату, радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу мәселелері қарастырылады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив