Ұлттық спортпен айналысатындардың саны күрт көбейді
Фото: egemen.kz
Соңғы 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35% өсті. Егер 2020 жылы 432 мың адам ұлттық спорт түрлерімен айналысса, 2022 жылдың соңында бұл сан 584 мың адамға жетті.
Ең көп көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – 28 мың адам. Өңірде барлығы 110 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бірден бірнеше облыста спортшылар саны 10 мыңға өсті.
Бұлар: Қостанай (13 мыңнан 23 мыңға дейін), Қызылорда (20 мыңнан 30 мыңға дейін), Павлодар (17 мыңнан 27 мыңға дейін), Солтүстік Қазақстан (8 мыңнан 18 мыңға дейін) облыстары және Шымкент қаласы (10 мыңнан 20 мыңға дейін).
Ұлттық спортпен айналысатындар саны бойынша көшбасшылар үштігіне Жамбыл (40 мың адам) және Алматы (39 мың) облыстары кіреді.
Қазақстан ұлттық құрамасында спортшылар саны бойынша Түркістан (74 адам), Жамбыл (52 адам) облыстары және Астана қаласы (43 адам) көш бастап тұр.