Коронавирус: Қазақстанда науқастардың саны 90 мыңнан асты
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 90 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
31 шілдеде тағы 1289 адамнан коронавирус анықталды . Оның ішінде 581 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген.
Науқастардың жалпы саны 90 367 адамға жетті.
Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында - 11873 (+211),
Нұр-Сұлтан қаласында -11254 (+226),
Атырау облысында - 10287 (+45),
Қарағанды облысында - 8623 (+110),
Шығыс Қазақстан облысында - 6373 (+111),
Батыс Қазақстан облысында - 5789 (+76),
Шымкент қаласында - 4895 (+26),
Алматы облысында - 4375 (+55),
Жамбыл облысында - 3542 (+50),
Павлодар облысында - 3209 (+84),
Солтүстік Қазақстан облысында - 3102 (+64),
Ақтөбе облысында - 3045 (+24),
Қызылорда облысында -2984 (+16),
Маңғыстау облысында - 2907 (+32),
Түркістан облысында - 2789 (+39),
Қостанай облысында - 2679 (+64),
Ақмола облысында - 2641 (+56).