KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда қант қымбаттай ма?

Фото: egemen.kz

1.08.2023, 16:42 132

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күзде қант бағасының өсуі мүмкін екеніне қатысты пікір білдірді.

Министрдің сөзінше, мұндай жағдай орнаса, ел нарығына байланысты болмайтын көрінеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Қант қымбаттамайды деп ойлаймын. Бірақ мұндай жағдай орын алса, қазақстандық нарықпен байланысы болмайды. Яғни бұған Үкіметтің отандық қант зауыттарын қолдау мақсатында қабылдайтын шешімі ықпал етуі мүмкін немесе қазіргі Ресей нарығында болып жатқан процестер әсер етуі ықтимал, – деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Биыл маусым айында Сенат депутаты Зәкіржан Кузиев қант шикізатын өндіру саласын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив