KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Соңғы 5 жылда машина жасау саласының экономикадағы үлесі артқан

Фото: egemen.kz

2.08.2023, 10:22 141

2022 жылы машина жасау саласына 470 млн доллар шетелдік инвестиция тартылды.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Машина жасау – жоғары технологиялық сала және экономиканың барлық секторларына қатысы бар. Соңғы 5 жыл ішінде бұл саланың ел экономикасындағы үлесі 1,5 есеге өсті. Өндіріс көлемі 3 есеге өсіп, 3 трлн теңгеден асты. Өткен жылдың өзінде ғана салаға 470 млн доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Дегенмен, отандық машина жасау саласын дамыту мүмкіндігі бұдан да жоғары. Қазіргі таңда саланың ішкі нарықтағы үлесі бар болғаны 13 пайызды құрап отыр. Импорт шамамен 20 миллиард доллар көлемінде, – деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің пайымынша, отандық өнімді экспорттау үшін айтарлықтай мүмкіндіктер бар.

– Мысалы, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің машина жасау өнімдері импортының жалпы көлемі 2021 жылы 141 млрд долларды құрады. Яғни еліміздің аталған нарықтағы үлесін әлі де арттыруға болады, – деді Әлихан Смайылов.
 


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу