KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

2028 жылға қарай машина жасау саласында өнім ұлғайтылады

Фото: egemen.kz

1.08.2023, 14:46 195

2028 жылға қарай машина жасау саласында өнім өндіру көлемі 2,2 есеге ұлғайтылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

– Саланы одан әрі сапалы дамыту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Машина жасауды дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді. Құжат аясында келесі міндеттер айқындалды. Біріншіден – өндірушілерді бастапқы материалдармен қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік құрастырымдық жұмыстарды дамыту арқылы базалық жағдайларды жақсарту. Екіншіден – машина жасау өнімдерін өткізуді ынталандыру және техникалық реттеу жүйесін жетілдіру арқылы отандық өнімді ілгерілету. Үшіншіден – машина жасаудың басым секторларын әр секторға бағыттала отырып дамыту, – деді министр.

Оның атап өтуінше, кешенді жоспарды іске асыру 2028 жылға қарай өнім өндіру көлемін 2,2 есеге ұлғайту, еңбек өнімділігінің 1,9 есе өсуі, экспорттық жеткізілім көлемін 5 млрд 700 млн АҚШ долларға дейін ұлғайту, салаға инвестициялардың өсуін 1,5 есеге арттыру сынды нысаналы индикаторларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

– Кешенді жоспар саланың әлеуетін толық көлемде іске асыруға және оның ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етеді, – деді Марат Қарабаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу