KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Прокуратура 3,5 мың іс бойынша айыппұлдың заңсыз салынғанын анықтады

Фото: egemen.kz

6.08.2023, 10:39 259

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің дерегінше, прокурорлар кәсіпкерлерді әкімшілік жауапқа тарту кезіндегі заң бұзушылықтарды анықтады.

Заңсыз салынған әкімшілік жазаларды қайта қарау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бизнесті қорғау бойынша жұмыс шеңберінде прокуратура органдары екі айлық ескіру мерзімінің өтуіне қарамастан, мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 92-1 бабы (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнаманы бұзу) бойынша барлық жерде әкімшілік жаза қолданғанын анықтады.

Мысалы, Ақмола облысының Бұланды ауданында құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 4 айдан кейін ЖШС ӘҚБтК-нің 92-1-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған. Орта кәсіпкерлік субъектісіне 438 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Прокурорлар барлығы 3,5 мың осындай істі анықтады.

Бүгінге прокурорлардың актілері бойынша 2,5 мыңнан астам айыппұл мен ескерту алынып тасталды.

Заңсыз салынған әкімшілік жазаларды қайта қарау жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта ӘҚБтК-нің 92-1-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді белгіленген мерзімдер өткеннен кейін қозғау тәжірибесін салық органдары тоқтатты.

Прокуратураның шаралары бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін бірқатар лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу