Ұшақпен тасымалдауға болмайтын заттардың тізімі өзгерді
Фото: egemen.kz
Қазақстанда ұшақта қол жүгі мен багаж ретінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды.
Талаптарға тағы бір тармақ қосылды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұрынғыдай кемінде жарылғыш заттың заряды мен жарылғыш құрылғыларға, оқ-дәрілердің барлық түріне, атыс қаруына, түйрегіш және кесетін қаруға, сондай-ақ басқа да қауіпті заттарға тыйым салынған.
Бұдан бөлек, аталған талаптарға тағы бір тармақ қосылды. Онда багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселер ескерілген. Соның арасында батареямен жұмыс істейтін портативті электронды темекі құрылғылары бар. Оның ішінде электронды жұқа сигаралар, электронды сигаралар, электронды түтіктер, жеке буландырғыштар қамтылған.
Атап айтқанда, ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың толық тізімімен нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі эталонды бақылау банкі сайтында танысуға болады.