KZ
Өскемен
-4°
плотный туман жел 1 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Ұшақта 20 келі жүкті тегін тасуға тыйым салынбақ

19.04.2019, 10:18 144

Қазақстанда багаж құнын әуе тасымалдаушылардың өздері бекітуді көздейтін заң жобасына енгізілген түзетулерді Сенат мақұлдаған болатын. Түзетулерге сәйкес, ұшақта 20 келі жүкті тегін тасуға тыйым салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Әуе көлігінде қол жүгі мен багажды тегін тасымалдау нормасын, салмағы мен көлемін тасымалдаушы бекітеді, - деп жазылған заңның түзетілген нұсқасында.

 Бұған дейін салмағы 20 келіден аспайтын қол жүгін тегін тасымалдауға болатын.

Мәжіліс депутаты Павел Казенцев жүкті тегін тасымалдауға тыйым салу арқылы әуе билеттерінің бағасын төмендетугеб олады деп есептейді екен.

Әлі бұл заң жобасы қабылданған жоқ. Егер заң қабылданатын болса, жолауышлар багаждың әр келісіне ақы төлеуге мәжбүр болады.

 

Дереккөз: zakon.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив