KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Ресейден Қазақстанға бензин тасымалдауға тағы да тыйым салынды

21.05.2019, 05:05 188

Қазақстан Ресейден теміржол арқылы жеткізілетін бензин тасымалына тыйымды тағы үш айға ұзартпақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Энергетика министрінің бұл жөніндегі бұйрығы электрондық үкіметтің веб-сайтында жарияланды.
«Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан теміржол көлігімен бензин әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін» делінген құжатта.

Бұдан бұрын еліміздің Энергетика министрінің бұйрығымен Ресейден үш ай мерзімге, яғни 2019 жылғы 2 наурыздан 2 маусымға дейін теміржол арқылы бензин тасымалдауға тыйым салынған болатын.

Естеріңізде болса, Қазақстан мұндай тыйымды 2018 жылы да (25 тамыздан 25 қарашаға дейін) енгізген-ді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді, олар Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында орналасқан. Шымкент МӨЗ 1985 жылы салынған, оның акцияларын «ҚазМұнайГаз» бен қытайлық CNPC компаниялары иеленуде. Ал Атырау және Павлодар зауыттары сәйкесінше 1945 және 1978 жылдары салынған. Бұл екі кәсіпорын да «ҚазМұнайГаз» қарамағында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу