KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Былтыр жеке тұлғалардан көлік салығы бойынша 70 млрд теңге түскен

Фото: egemen.kz

10.09.2023, 17:19 228

Жаңа Салық саясатының консультативтік құжатын жариялаған Ұлттық экономика министрлігі былтыр көлік салығынан қанша теңге түскенін мәлім етті.

Дерекке сәйкес, былтыр көлік салығынан жеке тұлғалардан 70 млрд теңге түскен, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– 2022 жылы көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке тұлғалардан түскен кіріс 70 млрд теңге болды, – деп Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің консультативтік құжатында деректер келтірген.

Сонымен қатар, министрлік дерегіне сай, Қазақстан 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақ аясында мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығына көшеді.

– 2025 жылы ЕАЭО елдері шеңберінде мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығына көшу жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Нәтижесінде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты, кәдеге жарату алымын, автомобиль көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алымды ескере отырып, жеңіл көлік құралдарын пайдалануға арналған жиынтық шығындары артады, – деп көрсетілген құжатта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив