KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Жылқы, қой мен мүйізді ірі қара саны артып келеді

Фото: egemen.kz

19.09.2023, 16:36 220

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының саны өсіп келеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі осындай мәлімет жариялады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, биылғы 1 тамызда мүйізді ірі қара саны 2,7%-ға артып, 9,68 млн басты құраған. Ал жылқы 7,7%-ға өсіп, 4,2 млн болған. Сонымен қатар қойдың саны 3,6%-ға өсіп, 23 млн басқа дейін жетті.

Құс басы керісінше 0,3%-ға кеміп, 49,6 млн-ға дейін азайған, ешкі 3,9%-ға кеміп, 2,6 млн басқа дейін, шошқа саны 2,7%-ға азайып, 818,3 мың басқа дейін кеміді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив