KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

1 қаңтардан бастап құжат аларда саусақ ізін тапсыру қажет

Фото: egemen.kz

26.09.2023, 10:46 317

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынады.

Дактилоскопиялық тіркеудің міндетті болатынын Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Дактилоскопиялық тіркеу – бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Міндетті дактилоскопиялық тіркеу елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, ҚР барлық азаматтары және Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар дактилоскопиялық тіркеуден ерікті негізде өтеді. Саусақ іздерін алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлікті, паспортты, шетелдіктің елде тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлік ресімдеуі кезінде жүргізілетін болады, – деді спикер.

Нұржан Жанабаевтың айтуынша, саусақ іздерін алу процесінен бас тартқан жағдайда азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443-1-бабына сәйкес жаза қолданылады.

             

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу