KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Жеке куәлік берілген кезде саусақ ізі алынатын болды

5.07.2023, 14:30 386 Оразай Жеңісұлы

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке куәлік, паспорт және ықтиярхат беру кезінде құжат иесінің саусақ іздері алынады.

Бұл туралы ішкі істер министрінің Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық-жобасында айтылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада Қазақстан Республикасы азаматының, оның ішінде адамның азаматтығы мен заңды мекенжайы, фотосуреті мен қолы, 16 жасқа толған және «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңында белгіленген жағдайлар бойынша 12 жастан асқан құжат иесінің саусақ іздері туралы графикалық және мәтіндік ақпарат қорғалған түрде сақталады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған ішкі істер министрінің бұйрық-жобасында.

Сондай-ақ, құжатта жазылғандай, саусақ іздері азаматтардың жеке куәлігінде, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ететін ықтиярхатында, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне де орналастырылады.

«Бұл – «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тіркеу талабының күшіне енуіне байланысты», - деп түсіндірме берілген бұйрық-жобасына.

Құжат 20 шілдеге дейін талқылауда болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу