Саусақ ізін тапсыруда жеке мәліметтердің қауіпсіздігі сақтала ма?
Фото: egemen.kz
Міндетті дактилоскопиялық тіркеудің тәртіптерін түсіндірген Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев азаматтардың жеке деректері қалай қорғалатынын айтты.
ІІМ өкілі мәліметінше, қазір уәкілетті орган жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін сынақ жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Саусақ іздерін сақтау қауіпсіздігінен және жүйеден дербес деректердің жария болып кетуінен қорқатындар үшін хабарлаймыз – саусақ ізі туралы ақпарат мемлекет кепілдік беретін қорғауға жатады. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан азаматтарының ақпараты деректер базасында саусақ іздерінің цифрлық моделі мен бірегей идентификатор ретінде көрсетіледі. Онда тегі, аты, әкесінің аты және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) сияқты дербес деректер жоқ, - деп түсіндірді Нұржан Жанабаев.
Оқи отырыңыз