Бүгін Kaspi.kz қосымшасы жұмыс істемейтіні туралы ақпарат — жалған
Фото: egemen.kz
WhatsApp-та тараған ақпаратқа сәйкес, 25 қазанда ел аумағында Kaspi.kz қосымшасы мен мобильді такси шақыру қызметтері жұмыс істемейді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Kaspi.kz баспасөз қызметі қосымшаның уақытша жұмыс істемейтіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Altaynews stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
– Бұл – жалған. Kaspi.kz өнімдері мен қызметтері штаттық режимде жұмыс істеп тұр және жұмыс істейді. WhatsApp, Telegram, басқа мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат – фейк. Сенімсіз дереккөздерден алынған ақпаратқа сенбеңіздер! Барлық маңызды ақпаратты Kaspi.kz әлеуметтік желілердегі өзінің ресми парақшаларында жариялайды, – деп хабарлады компания.
Ал онлайн такис шақыру сервистерінің жұмысы тоқтайтыны туралы ешқандай ресми мәлімет жоқ. Мұндай хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарында да, осы қызметтердің ресми парақшаларында да шыққан жоқ.
Демек, тараған хабарлама – фейк.
Оқи отырыңыз