Интернет өшірілмейді: ҚР ІІМ желіде тараған хабарламаға қатысты түсініктеме берді
Фото: egemen.kz
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде еліміздің ірі қалаларында 25 қазанда интернеттің өшетіндігі туралы ақпарат таратуда.
ҚР ІІМ бұл ақпараттық хабарламаны фейк деп атады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінде 25 қазанда Қазақстанда интернетпен үзіліс болады деп мәлімдейтін тарату авторын іздеуде.
- Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздестіру бойынша шаралар қабылдап жатыр. ҚР ІІМ азаматтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырады және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді, - деп хабарлады ведомстводан.
Оқи отырыңыз
Жалған ақпарат таратқан блогерлерге, ақпараттық порталдарға айыппұл салынадыБүгін Kaspi.kz қосымшасы жұмыс істемейтіні туралы ақпарат — жалған«Ұшақпен вирус шашып жатыр». ІІМ даулы видеоға қатысты түсініктеме бердіСемейдегі өрт Шүлбі ГЭС-іне жақындағаны рас па?Өскеменде төбелескен қыздарға қатысты жалған ақпарат тараған