KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Ел астанасын Түркістанға көшіру шешімі туралы ақпарат жалған

Фото: Шартты сурет

13.04.2023, 15:18 242

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде ел астанасы Түркістан қаласы болатыны туралы шешім қабылданғаны жайлы ақпарат тарады. 
Таралған ақпарат бойынша Мемлекет басшысының ұсынысын Парламент депутаттары қолдаған. Ал ресми мәлімдеме 2024 жылдың қаңтарында жарияланады-мыс, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Stopfake.kz сайты осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 
Мұндай шешім қабылданғаны туралы ҚР Президентінің ресми сайтында ақпарат, талқылауға салынғаны жайында Парламент сайтында еш хабарлама табылмаған. Сәйкесінше, тараған ақпарат жалған.
Дәл осындай сыңайдағы ақпарат бұрын да таралған. 2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оның негізсіз екенін мәлімдеген. 
Ел астанасы Қостанай қаласына көшіріледі деген мәлімдеме де жалған болып шыққан еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу