KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Газды сусыннан балалар уланғаны туралы жалған ақпарат тарады

Фото: pexels.com

20.06.2023, 10:01 331

WhatsApp-та «Тархун» сусынын ішкеннен кейін уланған бала қайтыс болғаны және басқа балалардың газды сусындардан қатты уланғаны жөнінде жалған ақпарат тараған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тараған ақпарат туралы мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Altaynews stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараған ақпаратта «Тархун», «Ситро» газдалған сусындары ғана емес, одан өзге «M&M’S» дражесі, «Milky way» шоколады, «Дюшес» пен «Барбарис» кәмпиттері және басқа да бірқатар тағамдар қауіпті деп танылғаны хабарланған.

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тізімдегі бірде-бір өнім қауіпті деп танылмағанын, сондай-ақ елде газдалған сусыннан қатты улану жағдайлары тіркелмегенін мәлімдеді.

  "ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралған азық-түлік өнімдері туралы ақпарат фейк деп танылып, шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз, ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты пайдалануға шақырамыз", – делінген комитет хабарламасында.

Газды сусыннан уланған балалар туралы хабарлама ресейлік қолданушылар арасында 2019 жылы тараған. Кейін Қазақстанға және басқа да елдерге жеткен. Әр жолы хабарлама теріске шығарылып, «Тархун» сусынынан қатты улану жағдайлары тіркелмегені хабарланған көрінеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу