Биыл 2 мыңнан астам адам қаржы пирамидасынан зардап шеккен — сенатор
Фото: egemen.kz
2023 жылдың 9 айында қаржы пирамидаларынан 2 мыңнан астам адам зардап шеккен. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Геннадий Шиповских айтты.
Депутат елдегі қаржы пирамидаларына қатысты қылмыс деңгейі төмендеп келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Алайда соған қарамастан, зардап шеккендердің саны өсіп барады.
Сонымен қатар сенатор өзінің атына бірнеше кооперативтің 42 салымшысынан шағым келіп түскенін, онда азаматтар көмек сұрағанын атап өтті. Олар кооперативтерге ақша салған, бірақ уәде етілген тұрғын үй де, ақшалары да қайтарылмаған. Мемлекеттік «Борышкерлердің бірыңғай тізілімінің» деректері бойынша мұндай кооперативтер бойынша сот шешімі шығарылды, бірақ ол орындалмай келеді. 453 адам ақшасын қайтара алмай отыр. Жалпы шығын құны 1 млрд теңгеден асады.