Жарты жылда 345 адам астан уланған
Фото: egemen.kz
Жарты жылда елде 345 адам тамақтан уланды.
Уланғандардың арасында 131 бала бар, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– 2022 жылы тамақтан жаппай уланудың 39 жағдайы тіркеліп, 712 адам зардап шеккен. Соның арасында 206 бала болды. Ал 2023 жылдың 6 айында осындай 15 жағдай анықталып, 345 адам астан уланған және оның ішінде 131 бала болған. Биыл тамақтан улану салдарынан бір адам көз жұмды, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақпарат» агенттігіне берген жауабында.
Былтырғы 6 айдағы мәліметтерге тоқталсақ, сол кезеңде 397 адам зардап шеккен, соның арасында 96 бала бар.
Оқи отырыңыз