Өндірісте зардап шеккендер саны азайған – ШҚО
Фото: rally36.ru
ШҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға азайған.
Бұл туралы ШҚО Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бақытбек Қизатов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Өткен жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 120 адам зардап шегіп, 6 жағдай өліммен аяқталды. Ал, ағымдағы жылдың 9 айында өндірістегі жазатайым оқиғалардан 82 адам зардап шеккен. Яғни, 30 пайызға азайған. Сондай-ақ, өліммен аяқталған оқиғалар саны 40% - ға төмендеді, - деді Бақытбек Қизатов.
Еңбек инсперкторы өз сөзінде жазатайым жағдайларды азайту үшін бірқатар шаралар қолға алынып жатқанын атап өтті. Мәселен, қазір елімізде "Халықтық бақылау" жобасы жүзеге асырылуда. Оған облыстан 60-тан астам адам қатысқан. Олар кәсіпорындардағы қауіпсіз жұмыс барысын бақылап, жұмысшыларға қауіпсіз жұмыс әдістерін үйретеді.
Оқи отырыңыз