KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 1 м/с, Ю
514.31 603.03 6.4

Автобус кеніш шұңқырына құлап кетті – Павлодар облысы

Фото: azattyq.org

4.01.2024, 19:00 17 165

Павлодар облысында ішінде 4 адам отырған автобус тереңдігі 150 метрлік кеніш шұңқырына құлап кетті.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанындағы кеніш шұңқырында топырақ опырылып, ішінде 4 жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

 

Опырылған жердің тереңдігі – 150 метр, ұзындығы – 150-200 метр, ені – жарты шақырымдай. Қазір апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін екі құтқарушының мәйіті табылған.

 

Автобус терең шұңқырға 4 қаңтар түнгі сағат 01.25 шамасында құлаған. Ішінде құтқарушылар мен жүргізуші болған.

 

- Апат кезінде автобуста 4 адам – кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен жүргізуші болды. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.


 

Жанаргүл Мұқатай

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу