Қазақстан халқының саны аталды
Фото: Qazaqstan Media
Ұлттық статистика бюросы ел халқының саны туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халық саны 20 014 575 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.
Сондай-ақ, мәліметке сәйкес, әйелдер саны - 10 240 446, ал ерлер - 9 774 129.
Халықтың ең жоғары өсу қарқыны Астана қаласында – 5,11 пайызға, Алматы – 2,82 пайызға және Маңғыстау облысында – 2,40 пайызға артқаны тіркелген.
Айта кетсек, 2023 жылдың 14 қарашасында алғаш рет бес бала бір мезгілде Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны болып тіркелген еді.