KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Қазақстанда электрмобильдердің саны 14 есе артқан

Фото: iapn.kz

26.01.2024, 19:00 86 Нұржан Кенжеұлы

Қазақстанда электр қозғалтқыштарымен жабдықталған автомобильдер, жүк көліктері мен автобустардың саны бір жылда 13,5 есе артқан. Қазір елімізде мұндай 7,7 мыңға жуық көлік бар, деп хабарлайды Altaynews.kz cайты Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

 

Дерек көзінің мәліметіне сенсек, 2023 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда электр қозғалтқышты 7 680 автомобиль болған. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, 2022 жылдың желтоқсанында республика көлеміндегі электркарлар саны 570-тен аспаған.

 
– Электр қуатымен жүретін жеңіл автомобильдер саны 16,7 есеге өсті: 443-тен 7 383 бірлікке дейін. Электрмобильдердің басым көпшілігі Алматы қаласында шоғырланған – 4 315. Екінші орында Астана тұр – 945 көлік. Үздік үштікті Алматы облысы (354 көлік) түйіндеуде. Ең аз электрмобиль Абай облысында тіркелген, небары 14 автомобиль ғана, – деп хабарлайды статистика бюросынан.

 

Сондай-ақ, бір жылда еліміздегі электр жүк көліктерінің саны екі есеге, 127-ден 262-ге дейін өскен. Мұндай жүк көліктерінің дені Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелген. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Астана мен Алматыда электр қозғалтқышымен жабдықталған 35 автобус бар екені белгілі болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив