Оңтүстік пен Шығыс көліктер саны бойынша көш бастады
Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысы көліктер саны бойынша көш бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазақстанда барлығы 4 566 198 көлік құралы мен тіркемелер есепке қойылған. Автобизнес Қауымдастығының ақпаратына сүйенсек, оның 3 755 890 бірлігі немесе 82,2% жеңіл автомобильдер. Сондай-ақ 446 475 жүк көлігі, 241 259 тіркеме, 63 058 мототехника және 59 516 автобус бар.
Көліктер саны бойынша Алматы облысы көш басында – 588 379 бірлік. Алматы қаласынан (544 187 бірл.) кейін, үшінші сатыда, Шығыс Қазақстан облысы тұр. Аймақта барлығы 366 359 көлік құралы бар.
Сондай-ақ ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында (140 362 бірлік) тіркелді.