KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстандықтар Катарда заңды жұмыс істей алады

Фото: Naryk.kz

16.02.2024, 19:00 92

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің келіссөздерінің нәтижесі бойынша екі ел арасында қазақстандық қызметкерлерді жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Naryk.kz порталына сілтеме жасап.

Келісім Катарда жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуді жоспарлап отырған қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған. Оған Қазақстаннан баратын еңбекшілердің құқықтарын қорғау және жұмысқа орналасу үшін қажетті жағдайлар жасайтын ұйымдастырушылық және құқықтық жағдайлар кіреді.

Келісім аясында қазақстандықтарға Катардағы жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде заңды жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.

Іс-қимылдарды үйлестіру, білікті жұмысшыларды тарту және еңбек дауларын шешу үшін Қазақстан мен Катар арасында Бірлескен комитет құрылады.

Бұл келісімге қол қою Қазақстан Республикасының 2023 – 2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. Келісім ұлттық рәсімдерге сәйкес одан әрі ратификациялауды талап етеді.

 

                                                                        

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив