KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Мұғалімдерге 1 қыркүйектегі демалыс күнінің өтемақысы қалай беріледі?

29.08.2019, 10:07 241

Мұғалімдерді демалыс күні олардың келісімінсіз жұмысқа тарту заңды ма? Қосымша төлем ақы беріле ме? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Министрліктің мәлімдеуінше, 1 қыркүйекте жұмысқа шығатын мұғалімдер жазбаша түрде келісім беруі керек.

 – Демалыс күні қызметкердің жазбаша келісімімен жұмысқа тартуға болады. Бұл жұмыс күнінің орнына қызметкердің қалауы бойынша тағы бір күні демалыс күні беріледі (белгіленеді) немесе өтемақы ретінде қызметкердің күндізгі (сағаттық) ставкасы бір жарым еселеніп төленеді, – деп жазды министр Біржан Нұрымбетов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу