Қазақстанда міндетті екпелердің тізбесі жаңартылды
Фото: vestisemey.kz
Үкімет ағымдағы жылғы 20 ақпандағы қаулысымен медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін жаңа редакцияда бекітті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен егілетін адамның вакцинация жүргізуге келісімін алғаннан кейін мынадай жұқпалы ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізіледі:
* жоспарлы профилактикалық екпелер (адам папилломасы вирусынан туындаған ауру);
* эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық екпелер (коронавирустық инфекция).
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен егілетін адамның вакцинация жүргізуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін мынадай жұқпалы және паразитарлық ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізіледі:
1. Жоспарлы профилактикалық екпелер:
*«А» вирустық гепатиті;
*«В» вирустық гепатиті;
*b типті гемофильді инфекция;
*дифтерия;
* көкжөтел;
*қызылша;
* қызамық;
*пневмококк инфекциясы;
*полиомиелит;
*сіреспе;
*туберкулез;
*эпидемиялық паротит;
2. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық екпелер:
*«А» вирустық гепатиті;
* «В» вирустық гепатиті;
*дифтерия;
*көктемгі-жазғы кене энцефалиті;
*сібір жарасы;
*құтыру;
*қызылша;
*қызамық;
*оба;
*сіреспе;
*туляремия;
*тұмау;
*іш сүзегі;
*эпидемиялық паротит.
Сондай-ақ құжатта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық егулерді жүргізу мерзімдері жаңартылды.
Сонымен, адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация 11 және 11,5 жастағы қыздарға жасалады.
Коронавирусқа қарсы екпені эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша егеді.
Қаулы 2024 жылғы 3 наурызда қолданысқа енгізіледі.
Айжанат Бақытқызы