Екпе алу қорытындысы қандай?
Фото: egemen.kz
Халықты екпемен қамтудың арқасында дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызамық, эпидемиялық паротит, қызылша, В вирустық гепатиті, полиомиелит, туберкулез, гемофильді инфекция сияқты инфекциялармен сырқаттанушылық деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне қол жеткен.
Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша нысаналы топтағы балаларды профилактикалық егудің нормалық көрсеткіші орындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"1 жасқа дейінгі жаңа туған нәрестелердің екпемен қамтылуы: перзентханаларда 3885 бала туберкулезге қарсы және 1 жасқа дейінгі 39 бала егілді, В гепатитіне қарсы – 96,7%, 3851 бала және 1 жасқа дейінгі 13 бала егілді", – деп жазылған ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.
Облыста В гепатитіне, пневмококк инфекциясына, қызылшаға, қызамыққа, індеттік паротитке, полиомиелитке, дифтерияға, сіреспеге қарсы екпе әртүрлі жастағы тұрғындар арасында жүргізілген.
"Дифтерияға, сіреспеге қарсы 6066 ересек адам егілді, бұл нысаналы топтың көрсеткіші 70,2% құрады", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз