ШҚО: Кене энцефалитіне қарсы вакцина кімдерге салынады?
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, кене энцефалиті медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (яғни тегін негізде) міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесіне енгізілген.
ШҚО аумағына келетін болсақ, мұнда тұрғындар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша егілетін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО-да, санэпидқызмет ақпараты бойынша, кене энцефалитінің табиғи ошақтары Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха, Самар және Алтай ауданының аумақтары, сондай-ақ Риддер мен Өскемен маңы болып табылады. Демек, аталған аудандардың тұрғындары және Риддер мен облыс орталығының маңында тұратындар кене энцефалитіне қарсы егілуі мүмкін.