KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Лицей мен гимназияға түсу үшін балалар емтихан тапсырмайтын болды

Фото: ernur.kz

26.02.2024, 17:09 187

Қазақстанда лицейлер мен гимназияларда бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салынды. Тиісті заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Оның маңызы туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев түсіндірді.

- Бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан, балаларға барлық типтегі мектептерге қабылдау кезінде шектеулерді алып тастайды. Бастапқы білімді игеруге танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндікті қамтамасыз етеді, – деді Қаныбек Жұмашев.

Оның айтуынша, тестілеу мен әңгімелесуге қатысу баланың психологиялық-эмоционалдық жағдайы мен денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Заңдағы өзгеріс соның алдын алады.

- Бұл өзгерістер алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа қабылдағанда кезде енгізіледі, – деді Қаныбек Жұмашев.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу