KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 4 м/с, СБ
443.35 475.54 4.82

Өскеменде бірінші сыныпқа қабылдау басталады

8.05.2019, 10:16 162

Қаладағы білім мекемелерінде бірінші сыныпқа қабылдау басталады.  Сыныптардың тізімі маусым айының бас кезінде құрылады. Өтініш беруге үлгермеген ата-аналар баласын таңдаған мектепке орналастыруда қиындықтарға тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ереже бойынша, бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 маусымнан 30 тамызға дейінгі аралықта жүргізіледі.

Баланы мектепке орналастыру үшін қажет құжаттардың тізімі:

-        Ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдің өтініші;

-        Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

-        Денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма 026/у-3);

-        Көлемі 3х4 фотосурет (2 дана):

Мектеп ата-анадан бұдан бөлек құжаттарды талап етпейді.

Мектепке дейінгі мекемелерге бармаған балаларға оқу жылы басталғанға дейін арнайы даярлық курстары ұйымдастырылады. Алайда лицей не гимназияға түсу үшін белгілі  деңгейдегі білім қажет екен. Мұндай білім мекемелеріне оқушылар байқау негізінде қабылданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив