KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Білім басқармаларына оқу-тәрбие процесін бақылауды күшейту туралы тапсырма берілді

Фото: egemen.kz

9.09.2023, 09:00 1 085

Білім басқармалары білім ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесіне бақылауды күшейтуі қажет.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Министрлік білім ұйымдарындағы барлық жағдайды бақылауда ұстап отырғанын ескертеміз. Білім басқармалары басшыларына функционалдық міндеттеріңізді тиісті деңгейде атқаруды және білім ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесіне бақылауды күшейтуді, жоғары деңгейдегі тәрбие мен білім сапасын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста болуды тапсырамыз, – деді ол Оқу-ағарту министрлігінде өткен кеңесте.

Сонымен қатар ол өңірлердегі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне де бірқатар тапсырма берді.

– Білім ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуына бақылау күшейтілсін. Оның ішінде үш ауысыммен оқитын мектептерге ерекше назар аударылсын. Қалалық, аудандық білім бөлімдері және мектеп директорларымен кеңестер өткізілсін. Мектепішілік бақылаудың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізсін. Мониторинг нәтижесі бойынша тәуекелдерді анықтап, білім басқармаларына шара қолдануға ұсыныстар жолдансын, – деді комитет төрағасы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу