KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Енді петицияны онлайн форматта ұсынуға болады

Фото: ru.freepik.com

5.04.2024, 15:14 64 Ержан Әбіш

Елімізде петицияны онлайн форматта рәсімдеуге болатын Еpetition.kz сайты ресми түрде іске қосылды, ол «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына қарайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

– Барлық пайдаланушыларға сізді толғандыратын мәселе туралы айтыңыз, біздің веб-сайтта петиция жасаңыз, – делінген сайттың басты бетінде.

Аталған ақпараттық жүйе – келісімнің негізінде онлайн петицияларды тіркеу және оған жауап алу мүмкіндігін ұсынып, қызмет көрсетеді.

Веб-сайтты пайдаланушы тіркелу кезінде иеленушіге нақты әрі толық ақпарат ұсынуға; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін қасақана немесе кездейсоқ бұзбауға міндетті; өзін екінші тұлға ретінде көрсетпеуі, вирус немесе басқадай зиянды құрамы бар бағдарламалық материалдарды пайдаланбауға тиіс.

Ал, сайтты иеленуші қажет жағдайда пайдаланушы енгізген деректердің дәйектілігін тексеруге құқылы, оның ішінде мемлекеттік органдар мен мекемелерге жүгіне алады.

Сондай-ақ ақпарат жүйесін пайдаланушылар үшін құпиялылық саясаты сақталатыны айтылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив