KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
476.27 515.47 5.41

EGov Mobile қосымшасынан жаңа цифрлық құжат алуға болады

Фото: qazaquni.kz

13.07.2023, 10:11 170 Ләззат Қанатқызы

ЕGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «Колледж дипломы» қолжетімді.

Енді колледж түлектері eGov Mobile қосымшасы арқылы құжатты цифрлық форматта қолдана алады. Осыған дейін eGov mobile пайдаланушылары үшін жоғары оқу орындарының дипломдары мобильді қосымша арқылы қолжетімді болған еді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Мемлекеттік қызметтер және онлайн ақпарат порталына сілтеме жасап.

- eGov mobile қосымшасының жетістіктерінің бірі «Цифрлық құжаттар» сервисі болып саналады. Осы сервистің көмегімен қолданушылар цифрлық құжаттарды әрқашан ұялы телефоннан көрсете алады. Бұл қажетті құжаттарды алу және ұсыну процесін едәуір жеңілдетеді, – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Цифрлық құжатты қолдану үшін eGov mobile қосымшасының басты бетінде «Цифрлық құжаттар» сервисін таңдау керек. Пайдаланушы құжатпен QR код немесе 6 таңбалы код арқылы бөлісе алады.

Цифрлық құжат – түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисінде 27 құжат қолжетімді: оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және басқалары бар.

  "Қызмет Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұмысының арқасында іске асырылды", –делінген хабарламада.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив