Жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жариялайтын сайт ашылды
Қазақстанда жалған ақпараттарды теріске шығарып, мәлімдеме жариялайтын сайт іске қосылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Stop Fake (www.stopfake.kz) деп аталатын жаңа сайтта әлеуметтік желіде таралып кеткен жалған хабарларға қатысты ақпарат берілетін болады.
Сайт БАҚ-да, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерже, коммуникациялық арналар мен оқырмандардың жазған пікірлеріндегі ақпаратттарға талдау жасап, олардың рас не жалған екеін анықтайды.
Сондай-ақ, сайтта "Фейк туралы хабарлау!" деген функция бар. Ол арқылы кез келген адам сайттың редакциясына жалған ақпаратқа қатысты шағым жолдай алады. Редакция ол ақпаратты тексеріп, нәтижесін сайтта жариялап отырады.
Бұл жаңа сайтты құрудағы басты мақсат – қоғамды дұрыс ақпараттандыру, ақпараттық манипуляцияқа қарсы күресі, ақпараттық алаңды жалған ақпараттардан тазарту.