Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істеп жүр?
Фото: planradar.com
1 наурыздағы жағдай бойынша шетелдіктердің күшін пайдаланатын еліміздегі жұмыс берушілердің саны 1,6 мыңға жеткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Finprom.kz ресурсының мәліметінше, елде 5,8 мың шетелдік маман жұмыс істеп жүр. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19,8%-ға аз.
Қазақстанда жұмыс істеп жүргендердің көбі Қытай азаматтары – 4,1 адам. Бұл былтырғыдан 20,8%-ға артық. Одан кейін Үндістан (1,2 мың адам), Түркия (1,1 мың адам), Өзбекстан (908 адам) азаматтары бар. Шетелдік жұмыс күші көбінесе құрылыс саласында жиі пайдаланылады.
– Елден 548 адам жұмыс іздеп кеткен. Бұл былтырғыдан 25,6%-ға аз. Жұмыс іздеп сыртқа кетушілер көбінесе Астанадан (256 адам), Шығыс Қазақстан (58 адам) және Абай облыстарынан (42 адам) шығады, – делінген сараптамада.
Оқи отырыңыз