Мопед жүргізушілеріне талап күшейтілмек
Фото: sportishka.com
Бүгін Мәжіліс депутаттары «Жол жүрісі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлданды. Заңда мопедтерді мемлекеттік тіркеу, мопед жүргізушісін механикалық көлік құралы жүргізушісімен теңестіру көзделген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
– Мопедтердің көбеюі жолдардағы көлік апаттарына әсер етеді. Тек 2023 жылы апат саны 750 болды, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп, – деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышялева.
Заң жобасында қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден кем мопедтерді мемлекеттік тіркеу ұсынылды.
– Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің аясында мопед жүргізушісін механикалық көлік құралы жүргізушісімен теңестіру қарастырылған, – деді депутат.
Оқи отырыңыз