Қазақстанда мопедистерге жаңа талаптар қойылады

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 28 наурызда Сенат отырысында Қазақстанда мопед жүргізу ережесін қатайту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Игорь Лепеха қазір Ішкі істер министрлігі түзетулердің екінші пакетін әзірлеп жатқанын, ол қабылданғаннан кейін мопед жүргізушілерінің қозғалысының тәртібі реттелетінін айтты.
Оның айтуынша, бүгінде бұл жүргізушілер іс жүзінде ешқандай жауапкершілік көтермейді.
2023 жылдың 30 тамызында Қазақстанда «Жол жүрісі туралы» заңға электроскутерлерді міну ережелерін қарастыратын түзетулер күшіне енді. Атап айтқанда, құжатта электрлі скутерлердің жол бойындағы жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы керек делінген. Ал тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолында сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.