KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 3 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Садақ атудан еліміздің әйелдер құрамасы қола медаль иеленді

Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

25.04.2024, 15:02 52 Айжанат Бақытқызы

Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан Эстонияны 231:224 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді.

Одан бөлек, ширек финалда қазақстандықтар Оңтүстік Кореяны 234:230 есебімен ұтып, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай айырмасымен есе жіберген.

Айта кетелік, әлем кубогі кезеңінде Қазақстан намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметва қорғады.

– Бұл – садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін біздің команда кубоктік сындардан мүлде медаль алмаған, – деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив