KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 2 м/с, СБ
467.29 501.03 5.35

Енді тұтас сызықты кескендер жүргізуші куәлігінен айырылады

Фото: depositphotos.com

6.05.2024, 11:46 63 Ержан Әбіш

Елімізде бірыңғай тұтас сызықты кесіп өту бойынша жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткендер жүргізуші куәлігінен айырылады.

– Тұтас сызықты кесіп өту жауапкершілігі өзгертілді, енді екі жақты жолдарда тұтас бір сызықты кесіп өткеніңіз үшін жүргізуші куәлігінен айырыласыз, – деді бұл туралы БҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Болат Жаңабаев.

Жаңабаев ауылдағы автобустар сағатына 50 шақырымға дейін жылдамдықпен жүретінін айтты.

– Бөлек автобус жолағында М3 санатындағы көліктер жүре алады, оларға жүргізуші орнынан басқа жолаушыларға арналған сегізден астам орындығы бар автобустар кіреді. Көліктің жалпы салмағы бес тоннадан артық болуы керек, – деді ол.

Өзгерістер 2024 жылдың 6 мамырында күшіне енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив