KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Көлік жүргізушісі қандай жағдайда куәлігінен біржола айырылады?

23.11.2019, 09:32 351

Мас күйде көлік жүргізгендер куәлігінен өмір бойы айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді.

Ол бойынша мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алу мерзімі 30 күнге дейін, көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі 8 жылға дейін ұзарады. Құқықбұзушылық жасаса немесе мас күйінде көлік айдаса,  8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал қылмыс ауыр болса немесе қайталанса, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады,

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу