KZ
Өскемен
-13°
небольшой снег жел 2 м/с, ОБ
513.55 602.09 6.42

ШҚО тұрғыны мас күйде көлік жүргізіп, 7 жылға куәлігінен айырылды

17.01.2020, 04:33 835

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаңа заң нормасы бойынша айыпталғандардың бірі – Усть-Таловка ауылының 33 жастағы тұрғыны. Ол сондай-ақ 20 күн әкімшілік қамауда болады.

Ауыл тұрғыны түн жарымында мас күйде көлік жүргізген.    «Фольксваген Пассат» маркалы автокөлігімен шегініп келе жатқан ол, «Субару Легаси»-ге келіп соғылған.

Сот отырысында жүргізуші кәнісін толық мойындады. Сот оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 20 күн әкімшілік қамауға алу туралы шешім  шығарды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу