Елімізде Ұлттық кітап күні пайда болады
Фото: depositphotos.com
Туризм және спорт министрлігі Қазақстандағы мереке күндерінің тізіміне қосымша дайындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тағы бір мереке күні енгізілген: 23 сәуір – Ұлттық кітап күні.
Жаңа мереке Президент Қ. Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтайда берген қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру тапсырмасына байланысты енгізілуде.
Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.
Оқи отырыңыз