Жүргізуші, тәрбиеші, күзетші: сұранысқа ие мамандықтар аталды

Фото: depositphotos.com
2024 жылғы сәуірде Enbek.kz электрондық биржасында еңбек нарығындағы белсенділіктің өсуі байқалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылғы сәуірде Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 90,3 мың бос жұмыс орны және 108,9 мың түйіндеме орналастырылды. Алдыңғы аймен салыстырғанда бос орындар саны 20%-ға, түйіндемелер саны 35%-ға өсті. Бұл ретте сұраныстың жартысы орта білікті қызметкерлерге тиесілі болды.
Ең көп бос жұмыс орындарын білім беру (17,9 мың бос жұмыс орны), басқа да қызмет түрлері (11 мың), денсаулық сақтау (10 мың), сондай-ақ құрылыс (8,2 мың) салаларының кәсіпорындары орналастырды.
Сәуір айының қорытындысы бойынша жұмыс берушілер ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары бойынша шеберлер (~750 мың теңге), бас продюсерлер (~711 мың теңге) және авиациядағы инженерлер (~701 мың теңге) үшін ең үлкен жалақы мөлшерін ұсынды.