KZ
Өскемен
+33°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Білім беру саласында бос жұмыс орны көп

Фото: egemen.kz

27.10.2023, 15:47 243

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі отандық еңбек нарығындағы өзгерістер туралы мәліметтерді жариялады.

Дерекке сүйенсек, қыркүйек айында еңбек нарығында сұраныс төмендеген, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— Қыркүйек айында электронды еңбек биржасында 127 мың бос жұмыс орны және 113,8 мың түйіндеме жарияланды. Тамыз айымен салыстырғанда еңбек нарығындағы сұраныс аздап төмендеген (-1% немесе 1,7 мың бос жұмыс орны), ал ұсыныс әлі де өсіп жатыр (+8% немесе 8,8 мың түйіндеме), - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ, сұраныстың төмендеуіне қарамастан, қыркүйек айында білім беру ұйымдары басқа салалармен салыстырғанда ең көп бос жұмыс орындарын жариялаған.

Білім саласының әртүрлі деңгейлеріндегі мекемелердің бос жұмыс орындары еңбек нарығындағы жалпы сұраныстың үштен бірін (33% немесе 41,8 мың бос жұмыс орны) құраған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив