KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
475.03 517.21 5.44

2025 жылға дейін елімізде 1000 мектеп жаңғыртылады

Фото: depositphotos.com

2.07.2024, 12:31 56 Ержан Әбіш

2025 жылға дейін еліміздің шағын қалалары мен ауылдардағы 1000 мектеп жаңғыртылады, деп хабарлайды Altainews.kzтілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асуда.

Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған.

Атап айтқанда, ол мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді, пәндік кабинеттер сатып алуды (химия, физика, биология, STEM, роботехника және басқалары), мектеп жиһаздарын, асхана, кітапхана бөлмелерін жаңартуды, мектепте қауіпсіздік жағдайларын жақсартуды қамтиды.

Осы ретте 2024-2025 оқу жылы 712 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізіледі, 532 мектепке 1000-ға жуық пәндік кабинет сатып алынады, 574 мектепте жиһаз, 481 мектепте асхана, 757 мектепте кітапхана жаңғыртылады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 366 мың оқушы үшін білім алу жағдайы жақсартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив