KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 1,2 м/с, ОШ
479.4 522.93 5.61

Алдағы екі жылда 17 мектеп салу жоспарлануда - ШҚО

24.02.2023, 15:30 454 Ләззат Қанатқызы

2025 жылға дейін ШҚО-да жалпы 17 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның алтауы ауылдық жерлерде бой көтермек.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгінгі күні өңірде 342 мектеп жұмыс істеп, онда 96 488 бала білім алып жатыр.

Айта кету керек, өткен 2022 жылы өңірде 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді, оның 3-еуі ауылдық жерде орналасқан.

- 2025 жылға дейін облыста 17 мектеп салу жоспарланған, оның 6-ауы ауылдық жерлерде салынады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының шатырларын, сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жалғасады. Ағымдағы жылы 3 мектепте күрделі жөндеу және 24 білім ордаларында ағымдағы жөндеу жоспарланған, - деді Инесса Чернышева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив